Тіс ауруының себебі не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіс ауруының себебі не?

11.03.2014
Тіс ауруының себебі не?
Тіс дәрігері Сағымбек Қылышбекұлы «Таңшолпанда» қонақта болып, тісті күту ережелері жөнінде сұхбат берді.
 
«Адам күніне екі рет тіс тазалауы керек. Міндетті түрде кешке тамақ іскен соң тазалаған жөн. Ал таңертең тұра салып тіс тазалау дұрыс емес, тісті таңғы ас ішкен соң тазалау қажет. Тісте тамақ қалдықтары қалмауы керек»,-дейді ол.
 
Дәрігердің айтуынша, «тіс щеткасын да, тіс пастасын да ауыстырып отырған жөн. Мысалы, кейбір адамдардың қызылиегі ауырса, фторы көп пастаны қолданған абзал».
 
«Тісжегіні болдырмау үшін дұрыс тамақтана біру керек. Тіс пастасын пайдаланып жүрсек болды, тісіміз ауырмайды деген пікір қате. Егер түс мезгілінде тамақтан соң, тісіңізді тазалауға мүмкіндік болмаса, шайып жіберу де үлкен көмек».
 
«Сағызды 5 минуттан артық шайнамаған абзал. Себебі, асқазанға кері әсерін тигізуі мүмкін»,-дейді дәрігер.

Хабарламаларға жазылу