Асқазан ауруларының алдын алу жолдары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқазан ауруларының алдын алу жолдары қандай?

02.05.2015
Асқазан ауруларының алдын алу жолдары қандай?

Асқазан аурулары  өңеш пен он екі елі ішек аралығында орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуынан туындайды.

Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі бар. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, ішімдіктен, шай, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық күйінде жеуден және бұзылған тағамды тұтынудан пайда болады.

Ас қорыту жүйесі қабынған кезде науқастың жоғары құрсақ тұсы жайсызданады, жүректің айнуы, құсу және іш өтуі байқалады.

Ресми деректерге сәйкес, еліміздің әрбір екінші тұрғыны асқазан ауруынан жапа шегеді. Осы дерттің алдын алуға бола ма? Дұрыс тамақтану мәдениеті дегеніміз не? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан білікті мамандардың кеңесін тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу