Қуат Бағысбек: Талғамы биік музыканттардың оң бағасын алу - мәртебе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат Бағысбек: Талғамы биік музыканттардың оң бағасын алу - мәртебе

02.03.2018

Опера әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Қуат Бағысбек «Таңшолпан» бағдарламасында.

Әлемнің түкпір-түкпірінде шығармашылық кешін өткізіп жүрген қазақ теноры Мәскеуде жеке концерт берді. Концертте жаһандық жауһарлар Чайковский, Пуччини, Верди операларынан ариялар шырқалды. Отандық композиторлардың да шығармалары тыс қалмады.

«Концертті халық жылы қабылдады. Онда шетелдік және Қазақстан композиторларының шығармаларын орындадым.

Маэстро Аугусто Чиабатта, «Ла Скала» театрының әйгілі виолончель шебері Клаудио Казадеи сияқты талғамы биік музыканттардың оң бағасын алу - мен үшін мәртебе. Италия – опера өнерінің бесігі. Рим, Милан, Венеция, Балонья, басқа да көптеген қалаларынан ерекше әсер алдым. Шетелде қазақтың атын шығарып жүрген әріптестерім үшін қуанамын», - дейді өнер иесі.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу