Үш күнге созылған Азия елдерінің жазушылары форумы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш күнге созылған Азия елдерінің жазушылары форумы аяқталды

06.09.2019

Бірінші Азия елдері жазушыларының форумы аяқталды. Бүгін елордада қаламгерлер қауымы ауқымды іс-шараны қорытындылады. Қырыққа жуық мемлекеттен келген қатысушылар өзара пікір алмасып әдебиет әлеміндегі тың жаңалықтарымен бөлісті. Шетелдік қаламгерлер Қазақстандағы әдеби үрдістерге оң бағасын беріп, халықаралық деңгейде әріптестік орнатуға уағдаласты. Сондай-ақ алдағы уақытта Азия елдері жазушыларының қаламынан шыққан шоқтығы биік туындыларға айрықша баға беріліп, «Азия алыбы» атты әдеби сыйлығын тағайындау мәселесі пысықталды.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы: 

Ортақ Азия жазушылар одағын құру деген де ұсыныстар болып жатыр. Мынау әдеби революция Қазақстаннан басталды деген әңгіме болып жатыр. Үлкен сеңнің бұзылуы деген әңгімелерді біз естіп жатырмыз.

Ербол МӘНДІБЕК  


Хабарламаларға жазылу