«Бақытты әйел». Асылзат Арыстанбекова: Ата-анаға істеген жақсылықтан артық жақсылық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты әйел». Асылзат Арыстанбекова: Ата-анаға істеген жақсылықтан артық жақсылық жоқ

24.01.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы ақын, қолөнер шебері Асылзат Арыстанбекова. Асылзат Арыстанбекова қатерлі ісік ауруын жеңген жан.

«Енем – алтын адам. Оған деген алғысым шексіз. Қазір ата-енемнің қолында тұрамыз. Қалада тұрдық, түрлі тауқыметті көрдік. Осы кезде ғана жаныңдағы адамдардың қолдауысыз ештеңе бітірмейтінімді түсіндім. Осы уақытқа дейін қасымда жолдасым, перзенттерім, ата-енем болып, қиындықты жеңіп шықтым.

Енем барынша қолдау жасап, менің жанымда болды. Асын арқалап, ауруханада қолдап, демеушім болды. Оның барлығы күш береді екен.

Енеме күн сайын жанымда болғаны үшін ризашылығымды айтамын. Ендігісі, келіндік парызымды өтегім келеді. Қасына барып, көмек бергім келеді. Осы эфирде енеме жылы сөздер айтқым келеді.  Басым жерге жеткенше ата-енеме қызмет етемін.

Енем әлі де ойланады. Мені халықтың адамы екенімді біледі. Мүмкін әлі де халық алдында жүріп, қызмет еткенім дұрыс па деп ойлайды. Бірақ ата-енеме жасаған қызметім, қалада, далада жүрген қызметке татымайды. Ата-енеме шын ниетпен қызмет жасаймын. Осыны айтқым келді. Ата-анаға істеген жақсылықтан артық жақсылық жоқ. Бірақ рет өмір сүрген соң, өкінбейтіндей өмір сұргім келеді», - дейді ақын.

 

 

Хабарламаларға жазылу