Қайрат Байбосынов: Таңмен таласа оянып, бірден «Таңшолпанды» қосамын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Байбосынов: Таңмен таласа оянып, бірден «Таңшолпанды» қосамын (ВИДЕО)

21.01.2018

Қайрат және Аxат Байбосыновтар мен әнші Айтбек Нығызбаев «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды. Қайрат Байбосынов «Таңшолпан» бағдарламасы қазақи, халықтың үдесінен шығатын хабарлардың бірі екенін атап өтті.

«Өнер бала күннен сіңіскен дүние. Әкеміз қобызшы болды. Атақты күйші Сайдалы Сары Тоқаның ұрпағы боламыз. Байбасыновтар әулетіндегі өнерге деген дәстүр үзілмей келе жатыр. Біз балаларымызды өнер адамы бол деп қыстамаймыз, бірақ, оны адамның бойына берсе, өнер деген шыдатпайды, жарып шығады», - дейді профессор, ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов.

Ал, күйші Аxат Байбосынов бүгінде өзінің өнер мектебінде шәкірттер тәрбиелеуде. Бағдарлама барысында Айтбек Нығызбаев қонақкәдеге дәстүрлі ән орындап берді.

Хабарламаларға жазылу