Осы аптадағы ең шулы тақырып - Әліби - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптадағы ең шулы тақырып - Әліби

28.04.2015
Осы аптадағы ең шулы тақырып - Әліби

24 сәуір күні Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың оқиғасына байланысты Youtube-ке жүктелген видео күн өтпей-ақ қызу талқыға түсті. Зардап шегуші Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, сол күні түнде ұлы шаруаларымен үйден шығып кеткен. Кейін оның досы Әлібидің ауыр халде ауруханаға түскенін жеткізген.

Алайда, күдікті Қайрат Жамалиев БАҚ өкілдеріне мәселе бойынша түсінік берген жоқ.

Айта кетейік, Қайрат Жамалиев «Jelsomino» бутигінің, «Артист» караоке-барының және «Habibi», «Молоко» мейрамханаларының иесі. Сонымен қатар, «ПАРИТЕТ-2003» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры.

Бүгінде аталған оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Хабарламаларға жазылу