«Қайрат» ФК - 2017 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» ФК - 2017 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері (ВИДЕО)

04.03.2017
«Қайрат» ФК - 2017 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері (ВИДЕО)

Алматылық «Қайрат» ФК 2017 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. 

Суперкубок үшін талас елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында өтті. Кездесудің 76-минутында «Қайрат» ойыншысы Сесар Арзо сол қапталдан Бауыржан Исламханның көтерген добын қақпаға дәл бағыттап, өз командасын алға шығарды. Ал, матчтағы соңғы нүктені есепті 0:2-ге жеткізген Исламбек Қуат қойды.

«Астана» - «Қайрат»: Арзоның голы - 0:1 (ВИДЕО)

«Астана» - «Қайрат»: Исламбек Қуаттың голы - 0:2 (ВИДЕО)

 

Қазақстан Суперкубогы - 2017

«Астана» - «Кайрат» 0:2

Голдар: Сесар Арзо (76'), Исламбек Қуат (90+3')

«Астана»: Ненад Эрич, Марин Аничич, Аздрен Ллулаку, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Патрик Твумаси, Юрий Логвиненко, Джуниор Кабананга, Евгений Постников, Дмитрий Шомко

«Кайрат» : Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Гафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль да Сильва Барбоза, Жерар Гоу, Сесар Арзо, Андрей Аршавин

Хабарламаларға жазылу