Қайрат Нұртас Геннадий Головкинге қолдау көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас Геннадий Головкинге қолдау көрсетеді

17.10.2014
Қайрат Нұртас Геннадий Головкинге қолдау көрсетеді

Қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі - Қайрат Нұртас Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін АҚШ-қа кетті. Әнші өзінің АҚШ-қа барғаны туралы видео мен суреттерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.

Головкин жексенбі күні Калифорния штатында мексикалық Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасады.

Айта кетейік, осы аптаның басында Қ. Нұртастың анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында Қайрат АҚШ-қа Геннадийді қолдауға баратынын айтқан.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу