Кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарын Аяз Ата резиденциясы шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарын Аяз Ата резиденциясы шақырады

31.12.2017
Кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарын Аяз Ата резиденциясы шақырады

Биыл алғаш рет Астана қаласының саябағында  жаңажылдық Аяз Ата резиденциясы ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен ашылған бұл саябақтың ортасында орналасқан арнайы үйде барлық келушілерді Аяз Ата мен Ақшақар, көңілді аққала Олаф қарсы алады. Ертегі кейіпкерлері жаңажылдық көңіл күй сыйлайды, ал Аяз Атаның үйінде қонақтар тақпақ айтып, ән шырқайды, тәттілер алып, суретке түсе алады. 

Кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарын қуанту мақсатында  арнайы ойластырылған бұл іс-шараға  тегін кіруге болады.

25 желтоқсаннан бастап  8 қаңтарға дейін жұмыс істейтін резиденцияны жұмыс күндері сағат 14:00-ден кешкі 18.00-ге дейін және демалыс күндері сағат күндізгі 12-ден кешкі 18:00-ге дейін аралай аласыңдар. 

Сондай-ақ, саябақ алаңында  көлемі  600 шаршы метрді құрайтын  мұз айдыны бар. Мұз айдыны мен сырғанақ келушілер үшін тегін. Мұнымен қоса, коньки, тюбинг және шананы жалға беру пункті, стационарлық дәмхана мен мейрамхана жұмыс істейді. Астаналық саябақ елорда тұрғындары мен қонақтарын күтеді!

Хабарламаларға жазылу