Астанада 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс жабылады

20.04.2016
Астанада 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс жабылады

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға дайындық және оны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы жергілікті полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылғы 19-27 сәуір аралығында монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс шінара жабылатын болады.

27 сәуір мен 1 мамыр аралығында жоғарыда көрсетілген учаскеде жол қозғалысы толықтай шектеледі. Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарын баламалы маршруттарды алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Хабарламаларға жазылу