Бүгін - «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні

09.02.2017
Бүгін - «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Халықаралық стоматологтар күні. Александрияда III ғасырда өмір сүрген Әулие Аполлонияны еске алу құрметіне бекітілген. Аполлония - Христосқа сенген көрнекті александрлық шенеуніктің қызы. Аполлонияны христиандықтан бас тартуын талап етіп, қатаң жазаға тартады. Аполлония өлім алдында шімірікпеген. Қиналуы мен өжеттігі сол кездегі замандастарын қатты толқытқан, кейін Аполлония есімі естілсе не оған сыйынса - тіс ауруы қоя салады деген аңыз шыққан.

Қауіпсіз  Интернет күні. 2004 жылы Еуропалық комиссии SafeBorder комиссиясы жобасы аясында негізі қаланды. Келесі жылы күнді үйлестіру өкілеттілігін Insafe ұйымы алды. Оның міндеті - Интернет саласында хабардар болуды арттыру және Интернетті балалар мен жастар үшін барынша қауіпсіз ету болды.

92 жыл бұрын (1925) Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

32 жыл бұрын (1985) Қазақстан жазушылар одағы Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықты бекітті.

17 жыл бұрын (2000) Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» таңдаулы өлеңдер жинағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

92 жыл бұрын (1925-1994) актер, Қазақстанның Халық әртісі КОРНИЕНКО Василий Федорович дүниеге келді. ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысушы. Петропавл қаласында туған. 1947-1972 жылдары Семей, Өскемен облыстық орыс драма театрларында қызмет атқарған. 1972 жылдан К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының актері болған.

Театр сахналарында Белугин, Николай, Вожеватов, Несчастливцев, Бессудный (А.Островский «Белугиннің үйленуі», «Кешіккен махаббат», «Жасаусыз қалыңдық», «Орман», «Қарбалас орын»), Ақан (Ш.Мұртаза «Қара маржан»), Қарабай (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Егор Булычев (М.Горький «Егор Булычев»), Бороздин (В.Розов «Мәңгі тірілер»), Рахметов (А.Шолохов «Көтерілген тың») рөлдерін сомдаған. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

86 жыл бұрын (1931-1976) ақын, аудармашы, драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали МАҚАТАЕВ дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1935-2013) әнші, Қазақстанның Халық әртісі ВОЙНАРОВСКАЯ Нина Ивановна дүниеге келді.

59 жыл бұрын (1958) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Түркияның Сапанджа қаласында өткен халықаралық жыр мерекесінің «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығының иегері ЖАЙЛЫБАЙ Ғалым дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу