Ян Лира Башқұртстан Халық әртісі Фидан Гафаровтың әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ян Лира Башқұртстан Халық әртісі Фидан Гафаровтың әнін шырқады

10.12.2017

«Silk Way Star» жұлдыздары оныншы бағдарламада өздері құрмет тұтатын орындаушылардың әндерін орындады. Өнер көрсету кезегі башқұрт жігіті Ян мен оның кумиріне келді.

 

Ян Лираның айтуынша, оның кумирі - Башқұрт елінің Халық әртісі Фидан Гафаров.

 

«Алғаш рет Фидан Гафаровты 6 жаста тыңдағанмын. Теледидардан Фидан Гафаровты көрсетсе, ол әдетте кино, болмаса спектакль болады. Нағыз ер азаматтардың рөлін сомдайтын. Сахнада да, экранда да осындай болмысымен маған ұнап қалды», - дейді башқұрт жұлдызы.

 

Қазылар алқасының мүшесі Айбен Ерсой (Түркия):

 

- Әннің ішінде біз білмейтін басқа тілдегі өлең болуы түсініксіздеу болды. Ештеңе сезіне алмадық. Өйткені, ештеңе түсінген жоқпыз. Әнде өте төмен ноталар бар екен. Сен оларды әдемі орындап шықтың. Маған сол жағынан ұнады. Сәттілік тілеймін.

Хабарламаларға жазылу