«Сәлем, Қазақстан!» жобасында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Бірлік күні» концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!» жобасында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Бірлік күні» концерті өтті

21.04.2016
«Сәлем, Қазақстан!» жобасында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Бірлік күні» концерті өтті

Бүгін Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында елордадағы «Қазмедиа орталығында» өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Бірлік күні» атты концерті өтті.

Кешті Италиядан келіп, елімізде қазақ тілінде ән жазып жүрген танымал сазгер, әнші және саяхатшы Son Pascal ашты. Ол «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.

Осыдан кейін сахнаға Конго елінен келген «Килиманджаро» тобы тойдың көркіне айналған «Аспанға қараймын», «Қызыл өрік» сияқты өлеңдермен қатар «Үш қоңыр» әнін айтты.

Африкалық жігіттерден кейін сахна көркін Марсель, Альбина Оганесян және Ринат Малцагов қыздырды.

Ал, жобаның «Караоке» айдарында Қайрат Баекенов және «Формат» тобы халық арасында кең танылған «Махаббат» әнін тыңдармандармен бірге шырқады.

Сонымен қатар, әртістер жүргізушілердің сан түрлі сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, кешті Тәуекел Мүсіліммен қатар қазақ тілін насихаттап жүрген «ОрыStar» жігіттері жүргізді. 

Хабарламаларға жазылу