«Жарқын бейне». Бақытжан Әбішевтің жасаған мүсіндері шетел көшелерінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне». Бақытжан Әбішевтің жасаған мүсіндері шетел көшелерінде тұр

24.11.2017

Бақытжан Әбішев Кеңес одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ең үздік ескерткіш монументіне жарияланған сайыста 1-ші орынға ие болды. Ол ескерткіштер қазір Ақтөбе қаласында орналасқан.

«Жалпы, адамды мүсіндеу үлкен шеберлікті қажет етеді. Өйткені, онда адамның бүкіл өмірі, мінезі көрініп тұруы керек. Исатай мен Махамбет - өте күрделі тұлғалар. Осының бәрін Бақытжан терең түсіне білді», - дейді жазушы Қойшығұл Жылқышиев.

Мүсіншінің шеберханасы түрлі кейіптегі мүсіндерге толы. Ол бірде балшықпен, бірде ағаш, қола, күміспен жұмыс істей жүріп, небір ғажайып туындыларды дүниеге әкелген. Олардың қалалар мен көшелерлеге қойылғаны, қойылмағаны да бар.  Ең қызығы, ол жұмысына күнкөріс көзі деп қараған емес.

Бүгінде «Олимпиадашы» еңбегі Швейцарияның Лозанна қаласында, «Күйші» мүсіні Германияда, «Томирис» мүсіні Мәскеу қаласында тұр. Оның кейбір жұмыстары ҚР Президентінің Резиденциясында қойылған. Мүсінші ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.

Хабарламаларға жазылу