25 қарашада әнші-сазгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Көздерің ғашықпын» атты жеке концерті өтеді. Сахна жұлдызы осыған орай «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.
«Өмір - қамшының сабындай қысқа. Мен көңілді әндер жаза бермеймін. Халықтың құлағына аз да болса адалдық, достық, сыйластық туралы жеткізгім келеді.
25-қарашаға белгіленген кеш жанды дауыста өтеді. «Көздеріңе ғашықпын» әнін 17 жасымда жазғанмын. Биыл - 30 жыл. Өзіммен бірге келе жатыр. Жастар, шетелдегі әншілер мені білмесе де, бұл әнді жақсы біледі. Осы туындым біраз жерге танытты. Сол үшін әнге құрмет көрсеткім келеді.
Шынайылықты жақсы көремін. Оны халық та ұнатады. Қазақ сахнасында өте мықты әншілер бар. Бірақ, көбі сахнада сөйлеуді, қазақ тілін біле бермейді. Осындай кемшіліктері туралы өздері де біледі деп ойлаймын», - дейді әнші.