Таңғы жыр. «Көздеріңе ғашықпын...» (ВИДЕО)
Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.
Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!
Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.
Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16.03.2026, 10:15
Ливанда шабуылдан қаза тапқандар саны 800-ден асты
16.03.2026, 10:12
Трамп өзге елдерден Ормуз бұғазын ашуға көмектесуді талап етті
16.03.2026, 10:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
16.03.2026, 10:10
Сарапшы: Жастардың белсенділігі жоғары
16.03.2026, 10:09
Мажарстан Парламентінің депутаты референдум жайлы пікір білдірді
16.03.2026, 10:07
ШЫҰ миссиясы референдумға дайындықты жоғары бағалады
16.03.2026, 10:06
Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады
16.03.2026, 10:05