«Сазгер». Нұрлан Еспанов «Біз бақытты жандармыз» әні  қалай танымал болғанын айтты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сазгер». Нұрлан Еспанов «Біз бақытты жандармыз» әні  қалай танымал болғанын айтты (ВИДЕО)

22.09.2017

Бүгін «Сазгер» бағдарламасында композитор Нұрлан Еспанов «Біз бақытты жандармыз» әнінің қалай танымал болғанын айтып берді. 

«Негізі, бұл әнді басқа әншіге жазғанмын. Бірақ оған ұнамаған соң, күйеубалам Жанболатқа сыйға тарттым. Алайда осы әнім хит болды», - дейді ол.

Бағдарлама барысында «Біз бақытты жандармыз» әнін Сиви Махмуди мен Айдарбек Рысбек  жаңа форматта орындап шықты.

Жаңа нұсқадағы әнге  сазгер Өктем Алтаев мынадай баға берді: «Қазір шығыстың ырғағы  - трендте. Нұрланның әнін бұрынғы нұсқада тыңдап жүр едік. Бұған шығыстың ырғағын қосып, Сиви мен Айдарбек керемет орындады. Бұл әнге ерекше нәзіктік, қыздың ұяңдығын қосыпты. Маған өте ұнады».

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу