Елена Әбдіхалықова «Көздеріңе ғашықпын» әнінің тарихын айтып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Әбдіхалықова «Көздеріңе ғашықпын» әнінің тарихын айтып берді

20.12.2018

Елена Әбдіхалықова «Көздеріңе ғашықпын» әнін небәрі 17 жасында жазған. Әншінің қолына Ұлықбек Есдәулеттің «Ауыл кеші көңілді» кітабы түседі. Осы кітаптағы «Көздеріңе ғашықпын» әні жүрегін тербетіп, көңіліне қонады. Елена бойжеткен осы өлеңге ән жазып, өзі алғаш осы әнді орындайды.

Елена Әбдіқалоқова: «Әнін жазған Қонысбай Әбіл деп жазып қойыпты. Қонысбай ағаның әні қандай екенін білмедім. Мәтінді өзімше бір ән қылып, айтып жүрдім. Осы әнде менің жастық шағым, өмірім, көңілім жатыр. Әннің халыққа тез таралуына бүлінбеген, таза, мөлдірлігінен шығар деп ойлаймын.

«Көздеріңе ғашықпынды» қазақтың кейбір жігіттері арасына басқа сөздер қосып, түрлендіріп айтып жатады.  Бұл бір жағынан, әннің халыққа жеткенінің көрінісі болса, екінші жағынан авторлық құқықты бұзу. Ұлықбек Есдәулет ағамызбен осы туралы сөйлескен едік. Айтайын дегенім, авторлық құқықты бұзбаса екен».

Хабарламаларға жазылу