«Ұлы дала ұлағаты». Роза Бағланованың ғұмыры қазақтың маңдайына жазылған асау тағдырмен тамырлас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала ұлағаты». Роза Бағланованың ғұмыры қазақтың маңдайына жазылған асау тағдырмен тамырлас

20.11.2017

1941 жылы Ташкент қаласында өзбек музыкалық театрының негізін қалаушыларының бірі Қари Якубов жаяу кетіп бара жатып балғын әрі керемет дауысты естиді. Байқаса, аула сыпырып жүрген жас қыз. Әнші ойланбастан сол қызды филармонияға жұмысқа алады. Ол - даңқы дүниежүзін шарлаған Қызылорда облысының тумасы Роза Бағланова.

20-ғасырдың басында туған Роза апамыздың ашаршылық нәубетіне дейінгі өмірі үш анасының қасында еркелікпен өткен. Одан кейінгі ғұмыры қазақтың маңдайына жазылған асау тағдырмен тамырлас. Себебі, сезімтал жүрек иесі өз ұлтының басына төнген зобалаңдардың қай-қайсысына да бейжай қарап отырмайтын.

«Роза апайдың ылғи бір ерекше арманы болатын. 80-нің үстіне шыққанда «Төлеген, маған ән жазып бер. Мен өзімнің ерекше әнімді әлі орындаған жоқпын»,- деді. Мен оны өмірдегі ғаламат мысал ретінде қабыдадым. Себебі, адамның алдында арманы болу керек. Өмірде мақсат қойып, жақсылық күту керек», - дейді Төлеген Мұхамеджанов.

«Филармонияда күнде келіп, дауысына жаттығу жасайтынын көретінмін. Ол кезде жасы 80-ге таяп қалған. Ол кісінің көзі тірісінде аңызға айналуының себебі, ажарына, болмысына дауысы сай болды, халқы жақсы көрген әнші болды. Сыңғырлаған дауысы жүректі баурап, сұлулығы көздің жауы алатын», - дейді әнші Ләззат Оралқызы.

«Роза апамыздың бойында түрлі түрлі қасиеттер толып жатыр. Оның ең бір қасиеті – қазақша патриотизм. Бармағының ұшынан шашына дейін қазақи еді», - дейді бұлбұл әнші туралы опера әртісі Байғали Момбеков.

Хабарламаларға жазылу