Ұлы Абайдың алғашқы жыр жинағының басылып шыққанына - 105 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Абайдың алғашқы жыр жинағының басылып шыққанына - 105 жыл

23.01.2014
Ұлы Абайдың алғашқы жыр жинағының басылып шыққанына - 105 жыл
Былғы жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл толады.
 
Осыған орай А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 23 қаңтар күні мәдени кеш өтеді , деп хабарлайды, Altaynews.kz.
 
Ақынның тұңғыш кітабы 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында тұңғыш мұсылман баспаханасынан басылып шыққан. Жинақтың жарыққа шығуына түрткі болған - Әлихан Бөкейханов.
 
1915 жылдың 18 қаңтарында Кәкітайдың өліміне байланысты «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында «1904 жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым», деген жолдар соның куәсі.
 
Кеште ғасырлық ғұмыры бар, араб графикасымен жазылған Абайдың тұңғыш кітабының электронды нұсқасы таныстырылады.

Хабарламаларға жазылу