Қаржы индексі қалай пайда болды? Қаржы индексі қандай нарықтың басталғанын көрсетеді? Болжамды нарық деген не? Қазақстанда акционерлер институты бар ма?
Студия қонағы қаржыгер-сарапшы Сапарбай Жұбаев осы сауалдар төңірегіндегі ой-пікірімен бөлісті.
«19 ғасырда АҚШ пен Еурпада өндіріспен шұғылданатын өте үлкен компаниялар түзіле бастады. Олардың негізгі капиталын қалыптастыру мәселесі - акция шығарып, халыққа, инвесторларға тарату еді. Акцияларды таратқаннан кейін 20-30 жылда олардың бағасы дивидендтерге сай өзгеріп тұратын болды. Сонда халықта «қай акцияны алу керек, ақшаны қайда саламыз?» деген сұрақтар туындады. Осындай сұраныстан кейін Чарльз Доу мен Эдвард Джо Нью-Йоркте «Dow Jones» индексін көрсетті.
Бүгінгі күнде «Dow Jones» индексі - әлемдегі ең үлкен 30 компанияның акцияларының салыстырмалы бағасының көрсеткіші. «Dow Jones» индексінің басты мақсаты - акциялар бағамының өзгеру тенденциясын анықтау. Яғни, акционерге нарықта не болып жатқанын болжауға мүмкіндік беру.
Қазақстанда Акционерлік қоғам туралы заң бар. 22 жылдан бері акционерлік қоғамдар жұмыс істеп келе жатыр. Олардың саны қазір елімізде 220-ға жуықтайды», - дейді сарапшы.