Рахман Омар мен Жарас Уәлидің телевизиядағы алғашқы қадамдары «Таңшолпаннан» басталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахман Омар мен Жарас Уәлидің телевизиядағы алғашқы қадамдары «Таңшолпаннан» басталған

15.11.2017

Ширек ғасырлық тарихы бар бағдарламаның бұрынғы жүргізушілері Жарас Уәли мен Рахман Омардың қазақ телевизиясындағы алғашқы қадамы сонау 1996 жылдары «Таңшолпан» бағдарламасынан бастау алады. Бір қызығы - екеуі де театр және кино актерлері.

Таңғы бағдарламада жаңалықтар топтамасын жүргізген Рахман Омар «Ол кездегі тележүргізушінің жүгі ауыр болатын», деп еске алады. Есесіне сол жылдары алған тәжірибе Рахман үшін үлкен шыңдалу мектебі болды.

Ал, Жарас Уәли бір жыл эфир жүргізіп, 2011 жылы таңғы бағдарламаға қайта оралды. Ол тележүргізушіліктен бөлек, бағдарламаның «Жасырын камера», «Әзілің жарасса..» айдарларында тұрақты түрде шығып тұрды.

 

«Сол кездегі Таңшолпанның берекелі ұжымын қатты сағынамын. Өйткені, ұжымдағылар бауыр болып кеткен, ешқашан бір-бірімізді ренжіткен емеспіз. Тамамша сәттер көп. «Таңшолпанға» табыс тілеймін. Өзімнің өсіп-өнген ортам. Кейінгі жастарға сәттілік, «Таңшолпан» жасай берсін!», - дейді Жарас Уәли.

Хабарламаларға жазылу