Грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алған Досжан Қартықов «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алған Досжан Қартықов «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

09.09.2015
Грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алған Досжан Қартықов «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

АҚШ-та басталған күрес түрлерінен Әлем чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен 75 келідегі Досжан Қартықов қола медаль иеленіп, 2016 жылы өтетін Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Қазақстандық палуан АҚШ-тың Лас-Вегас қаласынан «Таңшолпан» бағдарламасына «Skype» арқылы байланысқа шығып, әсерімен бөлісті.

«Әлем чемпионатында оңай қарсылас болмайды. Бүгінгі қарсыластарым Әлем чемпиондары, Еуропа чемпионы болды. Мен үшін мықты қарсылас корей палуаны болды», - дейді ол.

Сондай-ақ,  Досжан алдағы уақытта жарақаттарын емдеп, Рио Олимпиадасына дайындықты бастайтынын айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу