«Таңшолпан». Айзада Сатыбалдиева: Арманы жоқ актрисалардың бірімін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Айзада Сатыбалдиева: Арманы жоқ актрисалардың бірімін (ВИДЕО)

20.11.2017

Бір кездері Ұлттық арнаның «Қымызхана» бағдарламасындағы сұлу келіншек Айнашты көрермен әлі де ұмытқан жоқ. «Таңшолпан» жүргізушілері көпшілікті бағдарламаның шырайын келтірген актриса Айзада Сатыбалдиевамен жүздестірмек.

«Қымызханадағы» әр кейіпкердің өз орны бар. Жастардың қатысуымен өрбитін оқиғалар көпшілікті баурап әкететін. Ең алғашқы актерлары қазақтың санасына жатталып қалған  тұлғалар болды. Бұл - телевизиядағы ең алғашқы жұмысым.

Жалпы, актер рөлді кіші, үлкен деп таңдауға, қарсылық танытуына болмайды. Актерлықты саналы түрде таңдаған соң оның тұңғиығына бойлай білу – нағыз маманның тірлігі. Барлық спектакльдерде басты рөлді ойнадым. Арманы жоқ актрисалардың бірімін деп ойлаймын», - дейді өнер иесі.

Айзада Сатыбалдиева Темірбек Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтының түлегі. «Қымызханадан» басталған телевизиялық жоба актрисаны кино саласына алып келді.

Бірнеше отандық телехикаяға қатысқан Айзада Сатыбалдиеваның таяудағы жұмысы Ұлттық арна эфирінен өткен «Анашым, мені қалдырма!» туындысы. Бұл оны өзге қырынан танытқан тың жоба.

Отбасының ұйытқысы, асыл жар Айзаданың өмірлік серігі - белгілі ақын Бақыт Беделхан. Ұл-қыз өсіріп отырған жұбайлар өнер жолында да өзара түсіністік тапқан.

Хабарламаларға жазылу