Малика «Сағындым сені» әнімен жарыс күнінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малика «Сағындым сені» әнімен жарыс күнінің жеңімпазы атанды

05.11.2017

«Silk way star» сахнасына келесі болып шыққан үміткер көзі тірі классигіміз атанған Ескендір Хасанғалиевтің әнін шырқады.

«Бүгін мен «Сағындым сені» деп аталатын өте әдемі әнді шырқаймын. Әрине толқыныс бар, дегенмен, жақсы өнер көрсетемін деп үміттенемін», - дейді татар қызы.

Сонымен бірге, ол Қазақстанды не үшін жақсы көретіні жайлы да айтып берді:

«Әрине, осында өмір сүретін адамдар үшін. Тіпті, түсірілім алаңында маған деген қолдауды көремін. Бұл мен үшін әрине, қымбат. Сені мүлде танымаған адамдар келіп, құшақтап жатады. Бұл махаббат менің жанымды жылытты».

Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):

- Сахналық образ, орындауы, дауысын игеруі, жоғары ноталар... Төменгі ноталарды жұмсартып жіберген жерің болды. Сен үшін төмендеу болды деп ойлаймын. Негізі мен бір ән бір әннен өтіп жатқанын айтқым келеді. Жалпы, қазақ әндері өте әдемі, нағыз лирикалық дүниелер. Шын мәнінде жүректің түкпіріне жетеді. Мен сенен қандай да бір кемшілік тапқым келіп еді, таба алмадым.

Хабарламаларға жазылу