Украина әншісі Джамала Еуровидение-2016 жеңімпазы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әншісі Джамала Еуровидение-2016 жеңімпазы болды

15.05.2016
Украина әншісі Джамала Еуровидение-2016 жеңімпазы болды

Украина әншісі Джамала «1944» әнімен 61-ші Еуровидение ән конкурсының жеңімпазы атанды. Дауыс беру нәтижесі Стокгольмде жарияланды, деп хабарлады ТАСС.

Джамала - Украинаның опералық және джаз әншісі. Ол 2009 жылы Юрмалада өткен «Жаңа толқын» жас орындаушылардың халықаралық конкурсында гран-приді жеңіп алып, танымал болған еді.

Ресей атынан әнші Сергей Лазарев You Are the Only One ("Ты - единственная") әнімен 18-ші нөмірмен шығып, үшінші орынға ие болды. Екінші орын Австралия әншісі Дэми Имге бұйырды. 

Хабарламаларға жазылу