Айқын «Silk Way Star»-да «Әлия» әнімен алтыншы жарыс күнінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын «Silk Way Star»-да «Әлия» әнімен алтыншы жарыс күнінің жеңімпазы атанды

19.11.2017

Бүгінгі жарыс күнінде 5 реттік санымен шыққан еліміздің шоқ жұлдызы Айқын шықты. Талайдың көңілінен орын алған әнші жалпы Қазақстан емес, бүкіл Кеңес одағының Ұлы отан соғысының батыры Әлия Молдағұлова туралы әнді шырқады.

 

«Роза Рымбаеваға «Әлия» әні «Золотой орфей» фестивалінің Гран-приін берді. Маған бұл ән «Silk Way Star» жобасында жеңіске деген қадамымды жақындатады бұл әнді орындамақпын. Ән өте күрделі. Бірақ, бар ынтаммен, жүрегіммен, мүмкіндігімше айтып көремін», - дейді Айқын.

 

Қазылар алқасының мүшесі Тамара Аптсиаури (Грузия):

 

- Бүгін мен сенің жаныңды көрдім. Сен әнге жаныңды салып орындадың. Сенің махаббатыңды, сенің жылуыңды сездім. Сен осы ән арқылы қазақ халқы өз елін қалай жақсы көретінін көрсете алдың. Өткен жолы бір қойғаным, ол сенің әнің емес еді. Бүгін мүлде басқаша. Бәрі тамаша, керемет болды.

Хабарламаларға жазылу