«Таңшолпан». Асқар Жүнісбеков: Әншіге ең алдымен хит ән керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Асқар Жүнісбеков: Әншіге ең алдымен хит ән керек (ВИДЕО)

27.10.2017

Әнші Асқар Жүнісбеков Алматы студиясының қонағы болып, өнірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Халыққа жақсы әнші болып танылу үшін алдымен хит ән керек. Ол хит әнді табу оңай емес. Көп ізденіс, еңбек керек. Одан кейін міндетті түрде бақ керек. Елімізде көптеген жақсы әншілер бар. Бірақ бақтары жанбай жүр. Олардың хит әндері жоқ.

Әнші болған соң мен де ізденістемін. Алайда студенттік, жас кезімдегідей емес. Ол кезде қолың бос, отбасың, басқа тірлігің жоқ. Демек бос уақыттың барлығын өнерге арнайсың. Қазір отбасы, балам бар. Өнер екінші орынға шықты десем болады. Бірақ негізгі кәсібім ән айту болғандықтан, жақсы әндер орындауға тырысамын», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу