Әнші Ерболат Құдайбергенов «Тәуелсіздікке 25 ән» музыкалық жобасын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Ерболат Құдайбергенов «Тәуелсіздікке 25 ән» музыкалық жобасын қолдайды

26.08.2016
Әнші Ерболат Құдайбергенов «Тәуелсіздікке 25 ән» музыкалық жобасын қолдайды

Танымал қазақстандық әнші Ерболат Құдайбергенов «Тәуелсіздікке 25 ән» музыкалық жобасын қолдайтынын білдіріп, 25.kaztrk.kz сайтын көрсетіп, суретке түсті.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ сайтында «Тәуелсіздікке 25 ән» музыкалық жобасы аясында үздік әнге дауыс беру жүріп жатыр. Онда ширек ғасырға жуық уақытта хит болған 200-ден астам ән орналастырылған.   Финалға тек 25 ән өтеді.

Ең көп дауыс жинаған 25 ән жыл соңында байқау қорытындысы бойынша ұйымдастырылатын гала-концертте орындалады.

Жобаны қолдаған бірқатар отандық эстрада жұлдыздары өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жарнама жасап, тыңдармандарды дауыс беруге шақыруда.

Үздік әнді анықтауға Сіз де атсалысыңыз! 

Хабарламаларға жазылу