«Таңшолпан». Мақпал Жүнісова: «Зың-зыңды» әзіл-қалжың деп қабылдауға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мақпал Жүнісова: «Зың-зыңды» әзіл-қалжың деп қабылдауға болмайды

23.10.2017

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматы студиясының төрінде қонақта болды.

«Жақында Шымкент қаласында өткен шығармашылық кештен келдім. Одан кейін Ташкент қаласына барып қайттым. Одан басқа Ыссық қаласында Тұманбай Молдағалиев ескерткіш ашылып жатыр. Сонда барып, халық алдында ән айттым.

Енді гастрольдік сапарларды реттеп жатыр. Желтоқсан айында «Қазақконцерт» ұжымымен ән сапарға шығамын.

Жаңа, әлі шықпаған әндер көп. Бәрін экранға шығара алмаймыз. Кейбірі радиоға беріліп жатыр. Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылып жатқан ән шығады жақында. Біздің әндер хит болады деп ойламаймын.

Қазіргі ұрпақ басқаша тәрбиеленіп келе жатыр. Мысалы, зың-зыңды әзіл-қалжың деп қабылдауға болмайды. Жастар көбінесе интернеттен, арналардан сондай әндерді тыңдап, жаттап жүр. Біздер ән айтқымыз де келмей қалады. Мәселе біздің атымыз өшіп қалатынында емес, бұл қазақ әуенінің жоғалып кетуіне себепкер болады», - дейді әнші.

 

Хабарламаларға жазылу