«Таңшолпан». Күйші Жанғали Жүзбаев: Құрманғазының күйлері болашақта ұрпағымыздың бойынан табылуы керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Күйші Жанғали Жүзбаев: Құрманғазының күйлері болашақта ұрпағымыздың бойынан табылуы керек (ВИДЕО)

25.10.2017

Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Жанғали Жүзбаев бағдарлама қонағы болды.

Сонымен қатар, таңғ ыбағдарламаға күйшілік мектептің өкілдері де  келіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты пікірлерін білдірді.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы халық үшін үлкен үндеу болды. Оның ішінде қазақтың әдебиеті, салты, жоралғысы, тілін саралап келгенде қазақтың ұлттық музыкасы, оның ішінде Құрманғазының күйлері болашақта ұрпағымыздың бойынан табылуы керек.

Қазір елімізде қазақтың күйі жайнап тұрған шақ. Керек болса Моңғолия, Қытай елінде, Орынбор Астраханның бойындағы қазақтар домбырамен оянады. Сондықтан, қазақтың ұлттық күйшілік өнері жаһандану үдерісіне төтеп береді.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің даңқы шетелге кетті десе де болады. Біздің әлемге танымал скрипкашымыз Айман Мұсаходжаева ұлттық өнерге көп жанашырлық жасайды. Мәселен, домбыра кафедрасының ашылғанына биыл 20 жыл болды. Одан бері көптеген орындаушы, термеші, домбырашы, күйшілер өз орнын тапты. Университетіміздің үміт арттыратын оқушылары көп», - дейді өнер иелері.

Хабарламаларға жазылу