Мағауия Хамзиннің күйлері несімен ерекшеленеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мағауия Хамзиннің күйлері несімен ерекшеленеді?

27.09.2014
Мағауия  Хамзиннің күйлері несімен ерекшеленеді?

Мағауия Хамзин – күй құты қонған күйші, танымал сазгер. Оның өзі шығарып, өзі орындайтын «Жарыс», «Көкек», «Жайлау», «Тоқырау толғауы», «Белгісіз солдат», «Алтын асты», «Шопан күйі», «Космонавтар», «Амангелді», «Жас қазақ», «Тоғысу», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны» күйлері мен Абайдың төрт әніне және үнді халық әндеріне жазылған попуррилері бар. Бұл туындыларды бүгінде  өзінен дәріс алған дарынды шәкірттері де ойнап жүр.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі, шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзин жеті жасында Халық композиторы Әшімтай атасынан «Қоңыр қаз», «Сылқылдақ», «Саржайлау» күйлерін үйренеді.

Анасынан жастай жетім қалып, оған арнап алғаш рет «Қосбасар» атты күйін шығарады. 10 жасында Алматыда өткен өнерпаз оқушылардың байқауына қатысады. 17 жасында Қарағанды филармониясында күйші-артист атанған Мағауия  Хамзиннің тағы қандай күйлері бар? Оның күйлері несімен ерекшеленеді? Бүгін 13.30-да «Телқоңыр» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу