«Таңшолпан». Еркінбек Мұхтарұлы ұлттық нақышта жасаған әуешарын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Еркінбек Мұхтарұлы ұлттық нақышта жасаған әуешарын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынбақ

24.10.2017

Аспанда қалықтаған әуешарымен көкке көтерілу кез келген адамға қызық. Әуешарының алысқа ұшуының негізгі шарты - ауа райы. Жел 4 балдан төмен болып, күн ашық болуы тиіс. Қытай Халық Республикасында тұратын өнертапқыш Еркінбек Мұқтарұлы қарапайым отбасында дүниеге келген. Еркінбектің ата-анасы мұғалімдер. Әуешарын жасау деген ой 2005 жылы келген екен. Бірақ биіктиігі 26, ені 18 метр ұлттық нақыштағы шар жасауға біраз уақыт кеткен. Еркінбек жаңа жобасын жазда «ЭКСПО-2017» көрмесіне алып келген. Алайда Сарыарқаның желі шарды ұшыруға мүмкіндік бермеді.

Еркінбектің көптеген тың жобалары бар. Қалада, ауылда орнатуға болатын көше шырақтары, мұражай, саяжай ғимараттары, табиғат аясындағы дәмхана, мейрамхана жобалары қағаз бетінде көрініс тапқан.

Қай туындысын алып қарасаңыз да қазақтың болмысына жақын. Шалғайда жүрсе де атамекенге ұлтына деген құрметін ісімен көрсетіп жүрген азаматтың алдына қойған жоспарлары көп. Еркінбек баскиім тәрізді әуешарын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынып көрмек.

Хабарламаларға жазылу