Индонезияда әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды

02.05.2017

Индонезияда әлемдегі ең кәрі адам қайтыс болды. 1,5 ғасырға жуық уақыт жасаған Содимеджо есімді индонезиялық 146 жасында Ява провинциясында дүниеден озды. Оның Туу туралы куәлігінде туған жылы 1870 жыл желтоқсанның 31-і деп көрсетілген. Туыстарының сөзінше, қарияның денсаулығы кенеттен сыр берген. Ал, жергілікті биліктің хабарлауынша, Содимеджоның туу туралы куәлігі шынайы. Алайда, оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына еніп үлгермеді. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу