Қазақстан құрамасы Кореяда өткен Азия чемпионатында бірінші орын алды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы Кореяда өткен Азия чемпионатында бірінші орын алды (ФОТО)

07.08.2016
Қазақстан құрамасы Кореяда өткен Азия чемпионатында бірінші орын алды (ФОТО)

Оңтүстік Кореяның Хвасун қаласында ММА аралас жекпе-жектен ІІІ Азия чемпионаты өтті.

Бәсекеде қазақстандық спортшылар топ жарып, Азия біріншілігінде 7 чемпиондық белбеудің бесеуін және 2 күміс медальға қол жеткізді.

 ММА аралас жекпе-жек

2016 жылғы Азия чемпионы атағына ақтөбелік Азамат Марқабаев, Гойти Дазаев пен  Еркінбек Инжель (61,2 77,1, 93 келі салмақ дәрежелері бойынша), сондай-ақ, қарағандылықтар - Исмаил Героев (65,8 келіге дейін) пен Мохмад Сулиманов (93 келіден жоғары) қол жеткізді.

 ММА аралас жекпе-жек

Күміс жүлдеге Қарағанды облысынан Неймат Асадов пен  Бауыржан Қуанышбаев (70,3 кг дейін және  84 келі) ие болды.

 ММА аралас жекпе-жек

Ал, жеңіл салмақта (61,2 келі) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Сергей Морозов (7-1-0) оңтүстіккореялық Lee Youn Jin-нен (1-2-0)  басым түсті. Сонымен бірге, кәсіби рингте Абылайхан Қадыржан (2-0-0) кореялық спортшы See Sung In Heig-ті жеңді (6-5-2). 

 ММА аралас жекпе-жек

80 келі салмақта белдесіп жүрген ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, Әлем чемпионы Шавкат Рахмонов  (7-0-0) кореялық спортшы Park Jun Young-пен (3-1-2) шығып, жеңіске қол жеткізді. 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу