ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров «Алтын белбеуін» екінші рет қорғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров «Алтын белбеуін» екінші рет қорғап қалды

05.10.2015
ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров «Алтын белбеуін» екінші рет қорғап қалды

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен аралас жекпе-жектен ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров осы турнирде өзінің «Алтын белбеуін» екінші рет қорғады.

Турнирге 15 елден ең мықты деген 22 спортшы қатысты. Ол қарсыласы Massimo Capusello-ны айқын басымдықпен жеңіп, алтын белбеуін қорғап шықты.

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Кейін, көп ұзамай маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, өз белбеуін бірінші рет қорғаған болатын.

Хабарламаларға жазылу