«Қазақстан - батырлар елі» атты фильм түсірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан - батырлар елі» атты фильм түсірілуде

13.08.2014
«Қазақстан - батырлар елі» атты фильм түсірілуде

Ресейдің танымал спортшысы, продюсер Сергей Бадюк Қазақстанның ММА федерациясының спортшылары туралы «Қазақстан - батырлар елі» атты фильм түсіру үстінде.

Фильмнің басты кейіпкерлері арасында еліміздің ММА Ұлттық құрама мүшелері - Әлем және  Азия чемпионы Шавкат Рахмонов, джиу-джитсудан Әлем чемпионы Магамед Сулейменов және Ұлттық құраманың бас бапкері  Баян Жанғалов бар.

Сонымен бірге, Сергей Бадюк еліміздің жүрегі - Астананың да көрікті жерлерін  өз фильмінде көрсетпек.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу