Тәжік әнін шырқаған Темо Саджая қазылар мүшесін таңқалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік әнін шырқаған Темо Саджая қазылар мүшесін таңқалдырды

21.10.2017

«Silk Way Star» байқауының үшінші күні 4 реттік санымен сахнаға шыққан Темо Саджая көрермендерге «Zakiya» атты әнді ұсынды.

«Silk Way Star» - мәдениттерді жақындастырып, біріктіруімен қызықты. Бүгін біз бәсекелес елдің әнін орындаймыз. Мен бұл елдің әнін ешқашан орындап көрмеппін. Қиын, әрине. Дыбыстар басқаша, тамақтан шығады. Ондай дыбыстар грузин тілінде жоқ. Сафармұхаммадтың көмегін бас айтқым келеді. Ол маған мәтін жағынан көп көмектесті. Үлкен жауапкершілік арқалаған соң уайымдап отырмын», -дейді грузин әншісі.  

Қазылар алқасының мүшесі Фейруз Хакимов (Тәжікстан):

- Кез келген грузин кез келген оттан он есе артық қызу береді. Мен Темо өз пешіне көп отын алып қояды ма екен деп қорқып едім, ал сен мені таңқалдырдың. Жарайсың.  

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу