«Silk Way Star» байқауында өзбек әншісі бала күнгі арманын орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» байқауында өзбек әншісі бала күнгі арманын орындады

07.10.2017

Саида Өзбекстан елінен келген қатысушы. Бұрын қыздар тобының мүшесі болған. Сол топпен бірге Юрмала өтетін «Жаңа толқын» байқауына қатысқан. Саида «Silk Way Star» байқауында өз көрермендерінің жүректерін жаулап алатынына үмітті. Алғашқы кезеңде өзбек әншісі «Дүние» деп аталатын танымал әнді шырқады. Бұл әнді орындау оның бала күнінен бергі арманы екен.

Қазылар алқасының мүшесі Иса Меликов (Әзірбайжан):
«Орындауыңыз үшін көп рахмет. Әншінің орындауы бәрін айқындап берді деген – осы. Мен басқа орындаулармен салыстырғым келмейді. Өйткені, артық не кем болғандықтан емес. Сіздің орындауыңыз өзінше әдемі болды. Нағыз сезімді, ішкі қуатты жеткізеді... Әннің сөзін түсінбесем де бұл ән не туралы деп сұраса, әр тармағын мазмұндап айтып бере алатын сияқтымын».

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу