«Таңшолпан». «Silk Way Star» халықаралық деңгейдегі алғашқы жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Silk Way Star» халықаралық деңгейдегі алғашқы жоба

04.10.2017

Алдағы 12 апта бойы 9 елдің жүйрігі ән бәйгесіне түседі. Ұлттық арнаның эфирінен көрермендерге жол тартқан мега-жобасы ежелгі Жібек жолындағы бауырмалдылықты одан әрі нығайтпақ.

Бауырлас елдің музыкалық дәстүрін жаңғыртып, мәдени байланысын арттыруда Жібек жолы жұлдызы алтын қақпа іспеттес.

Өткен аптада  Ұлттық арна көрермендері ежелгі Жібек жолы елдерінің басын қосқан «Silk Way Star» халықаралық ән додасының куәгері болды.

Еліміздің атынан бұл сайыста танымал әнші Айқын Төлепберген бақ сынап отыр.

Туған елінің намысын арқалай келген сайыскерлер әр кезеңде қатысып отырған тоғыз мемлекеттің музыкалық шығармаларын орындайды.

Сонымен қатар, түрлі елден келген қазылар алқасы өз елінің қатысушысына дауыс бере алмайды. Бұл өз кезегінде байқаудың әділ өтуіне септігін тигізбек.

Хабарламаларға жазылу