«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының эфирінен «Silk Way Star» халықаралық мегажобасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының эфирінен «Silk Way Star» халықаралық мегажобасы басталады

29.09.2017
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының эфирінен «Silk Way Star» халықаралық мегажобасы басталады

30-қыркүйектен бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Silk Way Star» («Жібек Жолы Жұлдызы») мегажобасы басталады.

«Silk Way Star» - қатысушылар «Ұлы Жібек Жолы жұлдызы» атағы үшін таласқа түсетін халықаралық деңгейдегі ауқымды музыкалық телевизиялық шоу.

Жоба байқау форматында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Түркия, Әзірбайжан және РФ-ның Башқұртстан мен Татарстан елдерінің танымал әншілерінің қатысуымен өтеді.

Соңғы онжылдықта Ұлы Жібек жолы елдері арасында саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстар нығая түсті. Маңызды тарихи жаңару жолының таңдаулы векторы мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде жан-жақты қолдау тауып келеді. Оған қоса, дәл осы мәдени салада ұлт және өнер интеграциясы бойынша  алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған алаңдар анағұрлым аз, негізінен халықаралық деңгейдегі бірде-бір жоба немесе оқиға жоқ.

Жоба форматы Ұлы Жібек Жолы елдері халықтарының мәдениетін біріктіруші стимул ретінде ойластырылған және болашақта Еуразия құрлығындағы елдерді қамту мүмкіндігі бар.

«Silk Way Star» жобасына әр елден бір-бір танымал орындаушылар шақырылған. Қазылар алқасына қатысушы елдердің халықаралық деңгейдегі ең танымал кәсіби әртістері мен продюсерлері кіреді. Мегажобаға Қазақстан атынан Айқын Төлепберген қатысады.

Айта кетсек, телевизиялық шоудың трансляциясы жобаға қатысушы елдердің рейтингі жоғары телеарналарынан ұсынылады. 

 

Хабарламаларға жазылу