Бауыржан Есебаев: Шабытты да тәртіпке бағындыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Есебаев: Шабытты да тәртіпке бағындыруға болады

15.09.2017

Бауыржан Есебаевтың шығармашылығына арналған бүгінгі «Сазгер» бағдарламасына композитордың отбасы, достары, әріптестері және әндерін орындап жүрген белгілі эстрада жұлдыздары қатысты.

«Шабытты да тәртіпке бағындыруға болады. Оның методикасы – кітапта. Дегенмен, талантсыз еш нәрсе болмайды. Алдымен, тақырып қызықтыруы керек. Шет мемлекеттерде композиторлардың 800-ден әндері бар. Менің 150 әнім бар. Бірақ, оны да «көп» деп сынайтындар кездеседі. 

Қиындықтарды, күйзелісті жеңу үшін, күнделікті жемісті еңбек ету үшін әлемдік деңгейдегі қолданбалы психология әдістеріне жүгінемін. Сондықтан, шаршау дегеннің өзін басқаша қабылдаймын», - дейді сазгер.   

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу