ХҚКО-да жеке куәліксіз, саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызмет алуға болады

12.12.2018

ХҚКО-на айына неше адам көмек алуға жүгінеді? Мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға қатысты қандай жұмыстар жасалып жатыр?

Астана қаласы ХҚКО департаменті Алматы аудандық бөлім басшысы Бауыржан Есенбекұлы осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

Бауыржан Есенбекұлы:

Біздің орталықтың арнайы статистикасы бар. Мысалы, Алматы аудандық ХҚКО-на айына150 мың адам келеді. Келген адамдардың 80 пайызы анықтама алады. Қалғаны басқа қызметтерге жүгінеді.

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін көп жұмыс жасалып жатыр. Мысалы, бұрын цифрлы қолтаңба алу үшін орталыққа 7-8 адам келетін, қазір 500-дей адам келеді. Бұл халықтың үйренгенін білдіреді.

Биылғы жазда мемлекеттік қызметті өз бетінше алу үшін халыққа оқыту залын аштық. Ол залда қызметті қалай алу керек екендігі туралы үйретеді.

Келер жылға жоспар көп. Олардың бірі – саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызмет алу. Ол үшін жеке куәліктің қажеті болмайды. Тек алғашқыда келіп, саусақ ізін белгілеп кетесіз.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу