70 жастағы австралиялық Ла-Манш бұғазын жүзіп өтпек ниетте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 жастағы австралиялық Ла-Манш бұғазын жүзіп өтпек ниетте

21.08.2014
70 жастағы австралиялық Ла-Манш бұғазын жүзіп өтпек ниетте

Сидней қаласының тұрғыны Сирил Бэлдок Британиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, рекорд орнатпақшы. Осылайша ол Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен ең қарт адам болмақ.

Ол бұл бұғазды 1985 жылы жүзіп өткен. Ол сол жолы  шоколад пен шырын ішу үшін бірнеше рет қана тоқтаған көрінеді.

Ал бұл жолы Бэлдок әр 45 минут сайын аялдап жүзуі мүмкін. Ол бұғазды бағындыруға 11 сағат жұмсауды жоспарлар отыр.

Сирил Бэлдокты оны қолдаушы топ жүргізетін «Твиттер» парақшасы арқылы бақылауға болады.

«Sydney Morning Herald» басылымының жазуынша, Сирил бала кезінде судан қорыққан көрінеді. Әрі тыныс алу жолдарында да кінарат болған екен.

Хабарламаларға жазылу