Боксшы, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев бағдарлама қонағы болды.
«Бірнеше күн бұрын өткен бокс додасындағы біздің спортшыларымыздың жеңістері қатты қуантты. Қазақ боксының мықты екенін бүкіл әлем мойындайды. Бұл жекпе-жек біріншіден, біздің ел осындай іс-шара өткізе алатынын білдіреді. Екіншіден, біздің жігіттердің рейтінгісінің көтерілуіне себепкер болды.
Алда Геннадий Головкин мен Сауль Алваресь кездесуі бар. Головкин өз айласына салатын болса, ұтады. Мұнда қулық керек. Генаның мүмкіндігі, күші көп. Ауыр соққы жасап, ерте аяқтауға да болады. Ал, Канелоның тәжірибесі көп және ол өсіп келе жатқан жас спортшы. Мықты боксышылармен шықсан өсесің, тең қарсылыспен орта жолда қаласың.
Бұл – бокс. Бәрі болуы мүмкін. Меніңше, Геннадий осы кездесуден кейін спорттағы мансабын тоқтатқаны абзал», - дейді Бахтияр Артаев.