«Таңшолпан». Астанада тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтуде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Астанада тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтуде (ВИДЕО)

08.09.2017

Тоғызқұмалақтан 4-ші Әлем чемпионатының классика түрі бойынша және рапид түрі бойынша чемпиондары Әсел Далиева мен Лина Каримова бағдарлама қонағы болды.

«Тоғызқұмалақ – қызық ойын. Маған оны бала кезімде анам үйретті. Сосын осы жолды таңдап, арнайы үйірмеге бардым. Қазір жаттықтырушы болып қызмет жасаймын.

Лина - менің шәкіртім. Ол таланты қыз. Маған келгенде үлкен жетістіктерге жеткісі келетінін айтты. Чемпионатқа 1 жыл дайындалдық. Шәкірттерім көп. Бірақ Лина үлкен жетістікке жеткен алғашқы шәкіртім.

Тоғызқұмалақ көптеген мемлекеттерде дамыған. Оған дәлел чемпионатқа 25 елден қатысушылар келді. Шетелдіктер ойынға қызығады. Біз оларды үйретіп те жатамыз. Тоғызқұмалақ - қасиетті ойын», -дейді Әсел Далиева.

 

«Мен бұл ойынды алғаш рет 8 жасымда үйрендім. 16 жасымда спорт шебері атағын алдым. Әсел апайдан сабақ алу үшін Теміртау қаласынан Шымкент қаласына көшіп бардым», - дейді Лина Каримова.

Хабарламаларға жазылу