Жас рекордсмен Әмір Махмет бөтелкенің үстінде тұрып жаттығу жасайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас рекордсмен Әмір Махмет бөтелкенің үстінде тұрып жаттығу жасайды (ВИДЕО)

01.09.2017

КИнЭс Қазақстан кітабының бес дүркін рекордсмені, балалар арасындағы әлем рекордшысы  Әмір Махмет бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Жерден кеудені көтеру жаттығуын әкем екеуміз бастағанбыз. Бірақ, уақыт өте келе жай ғана «отжимания» жасау маған қызықсыз болып кетті. Сосын тағы бір идея қостық, ол – бөтелкенің үстінде тұрып жаттығу жасау»,-дейді Әмір.

Сабақ кезінде қалай жаттығатынына тоқталған жас спортшы, оқу мен спортты қатар алып жүру оңай екенін айтады.  Ол бүгінгі жетістігім әкемнің арқасы деп біледі.

«Жаттықтырушым – әкем. Аса қатал емес. Бірақ, «ешқашан берілме», деп үнемі айтып отырады. Сол әкемнің арқасында жетістіктерге жетіп жүрмін»,-дейді өзі.

Әмірдің келешекте тағы қандай рекорд орнатқысы келетінін, спорттан басқа қандай арманы болғанын, қандай жоғары оқу орнына түскісі келетінін білгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу