Оралда «Арлан» жасағының жауынгері қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Арлан» жасағының жауынгері қайтыс болды

25.07.2014
Оралда «Арлан» жасағының жауынгері қайтыс болды

Орал қаласында орталық стадионда өтіп жатқан жаттығу кезінде арнайы жасақ жауынгері қайтыс болды.

«Арлан» тобының 29 жастағы жауынгері жаттығу үстінде деміге бастаған. Дереу жедел жәрдем шақырылса да, жас жігіт ауруханаға жетпей жан тапсырды. Соңында отбасы қалды.

Қазір қайғылы жағдайдың себептерін анықтау мақсатында Ішкі істер органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша нақты ақпарат беріледі.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу