«Таңшолпан». Жанқош Тұраров: Қызым АҚШ-та өткен кездесуде жеңу үшін үлкен мотивация болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жанқош Тұраров: Қызым АҚШ-та өткен кездесуде жеңу үшін үлкен мотивация болды (ВИДЕО)

31.08.2017

9 қыркүйек күні Астана қаласында үлкен бокс кеші өтеді. Осыған орай бүгін «Таңшолпан» төрінде кәсіпқой боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Жанқош Тұраров қонақ болды.

«Қазір 9 қыркүйек күні өтетін үлкен кездесуге дайындық жасап жатырмыз. Астанаға келгеніме 20 күн болды. Қай жерде болса да кездесу алдында қобалжу бар. Бірақ өз еліңде осындай кештер өткенде, бізге жүк екі есе артады. Өзімізге сенімдіміз.

АҚШ-та жүргенімде кішкентай қызым дүниеге келді. Есімін Алияна деп қойдық. Ол маған жеңуге үлкен мотивация болды», - дейді Жанқош Тұраров.

Хабарламаларға жазылу